08:53, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодар пединститутында танымал ғалым Е.Бекмахановтың туған күні атап өтілді
ПАВЛОДАР. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында танымал ғалым, Қазақстан тарихының ғылыми мектебінің негізін қалаушы

Ермұхан Бекмахановтың (1915-1966) туған күні атап өтілді, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
Мұнда Медеу Сәрсекенің «Бекмаханов» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Е.Бекмахановтың тұлғасына деген қызығушылық ЖОО-да оның есімімен аталған ғылыми кітапханаға оқытушылар мен студенттерді, мұғалімдер мен оқушыларды жинады. Оқылған кітап туралы пікір алмасу өтіп, Ермұхан Бекмахановты жеке білген адамдар сөз сөйледі.
Студенттер мен оқушылар танымал жерлес ғалымның шығармашылығы туралы баяндамалар мен естеліктерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.