Павлодар полицейлері «Кез келген құқық бұзушылыққа «нөл» төзімділікпен» қарай бастады

ПАВЛОДАР. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының аумағында «Кез келген құқық бұзушылыққа «нөл» төзімділік» акциясы өткізілуде, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Полицейлер қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпке ерекше назар аударуда. Мәселен, «Радуга» дәмханасының алдында кіші дәреттерін сындырған екі павлодарлық азаматқа айыппұл салынуы мүмкін немесе олар әкімшілік қамауға алынады.

Тұрғын үйлердің бірінің ауласында 37 жастағы қала тұрғыны шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастап отырған жерінен ұсталды. Сондай-ақ қоғамдық пайдалану орнын ластағаны үшін жолға темекі қалдығын тастаған 27 жастағы әйел де назарға ілікті. Мамандандырылған әкімшілік сот бұл азаматтардың әрқайсысына үш АЕК көлемінде айыппұл салды.

Өткен демалыс күндері ғана полицейлер 1461 құқық бұзушыны ұстады. Олардың 47-сі саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарды ластады.

Алкогольдік сусындарды ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 72 адам, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 14 адам жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар