14:15, 16 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Павлодар полицейлері күйеуін пышақтаған 31 жастағы келіншекке қатысты тергеу амалдарын бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер 34 жастағы жолдасын пышақтап өлтірген 31 жастағы азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусинова хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.

- Қайғылы оқиға үстіміздегі жылғы 14-қыркүйекте орын алды. Полицейлер жедел түрде қылмыстың бетін ашып, күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойыншы сотқа дейінгі тергеу басталды.Тергеу шаралары барысында ерлі-зайыптылар спирттік ішімдіктерді ішкен соң жанжалдасып, соңы өлімге апарғаны анықталды, - дейді С. Мусинова. Мамандардың айтуынша, олар бір жылға жуық уақыт азаматтық некеде тұрған. Балалары болмаған. Қазіргі таңда күдікті азаматша тұтқындалды.