11:31, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодар полицейлері өткен жылы айналымнан 95 киләдай есірткі тәркіледі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар полицейлері өткен жылы айналымнан 95 киләдай түрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның 13 киләсі героин,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі стер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма бастығының орынбасары полиция полковнигі Қаныш Серімбаевтың айтуынша, былтыр сондай-ақ есірткі сатумен, контрабандалаумен және притондар ұстаумен байланысты 305 қылмыс тіркелген. Есірткімен байланысты құқықбұзушылықтар үшін 397 адам жауапқа тартылған. Тінту кезінде 4,5 килә героин тәркіленген қылмыстық сығандар тобының мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. «Винт» деп аталатын синтетикалық есірткі дайындалып келген астыртын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Осы есірткінің өндірісімен және оны сатумен айналысып келген азамат 11 жылға сотталды.