Павлодар полицейлері ұрланған 49 бас малды иелеріне тауып берді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер «Мал ұрлығы» шарасы барысында ұрланған 49 бас малды иелеріне қайтарды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Ауыл тұрғындарына 3 жылқы, 24 ірі қара және 27 ешкі мен қой қайтарылды.

Үш күн жүргізілген шара аясында табылған малдың иелеріне қайтуына байланысты 8 қылмыстық іс тоқтатылды. Мал ұрлаумен байланысты сегіз қылмыстың беті ашылды. Ұрлыққа барған тұлғалар ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер төрт адамнан тұратын мал ұрлайтын топты қолға түсірді. Барлығы Успен аудандық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бүгінде аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар