Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 68 мың жүргізушіні жауапқа тартты

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 68 мың жүргізуші, соның ішінде ішімдікке мас күйінде көлік айдағаны үшін 3 500-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 68 мың жүргізушіні жауапқа тартты

Биылғы жылы облыс жолдарында 981 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 92 адам қаза тауып, 1 344 адам дене жарақатын алды. Апат себептеріне жүргізілген талдау ЖКО себептерінің бірі жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе, жүргізушілердің тәртібінің нашарлығы екенін көрсетті.

Жолдағы апаттарды азайту мақсатында полицейлер жедел алдын алу іс-шаралары және акциялар өткізуде. Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (көктайғақ, боран соғуы), жол-патрульдік қызмет қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оларға қысқа, бірақ, жол-көлік оқиғасы туралы сенімді статистика және ЖЖЕ сақтау туралы ескерту сипатындағы материалдары бар «ескерпелер» таратуда.

Жол полицейлері ЖКО туралы ақпарат жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға үйретеді деп үміттенеді, өйткені, олардың өздерінің және басқа адамдардың да өмірінің қауіпсіздігі жүргізушілерге байланысты.