Павлодар полицейлері өңірдегі автожолдардан 3 мыңға жуық ақауды анықтады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Полиция мамандары 25 мың шақырымнан астам аумақты қамтитын жалпы пайдаланымдағы 1339 автожолды зерттеген. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты органдарға 1339 ұйғарым берілді.

«Меркі-Бұрылбайтал» жолы
Фото: ҚазАқвтоЖол

Павлодарлық поицейлер облыстағы автожолдарды тексеріп, 3 мыңға жуық кемшілікті анықтады. Жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 274 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылда. Оларға 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 

— Полиция автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының, теміржол өткелдерінің, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының және жол жұмыстары жүргізілетін орындардың пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізеді. Жүргізілген тексерулердің басты мақсаты — өңірдегі жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-практикалық шараларды іске асыру жолымен жол-көлік апаттарының алдын алу және олардың салдарының ауырлығын төмендету, — дейді өңірлік полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Сондай-ақ, көше-жол тораптары мен автомобиль жолдарын тексеру актісі негізінде мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды талаптарды немесе ұсыныстарды орындамағаны үшін заңды тұлғалар жазаланған. Мысалы үшін жолдарда жұмыс жүргізу, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін «Қажсервис» компаниясының Павлодар филиалы 1 млн 200 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, Павлодарда Достық ауданына трамвай жолын салуға 2,7 млрд теңге бөлінеді. 

 

Видео: Павлодар облысы полиция департаменті

Соңғы жаңалықтар