Павлодар прокуратурасы балалар мекемесінің төңірегіндегі құқық тәртібін қорғау шараларын қабылдады

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар прокуратурасы қалалық басылымдардың бірінің ақпараты бойынша музыкалық мектеп-интернаттың төңірегіндегі аумақта орын алған құқықбұзушылық фактілерді тексерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Полиция өкілдерімен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және интернаттың ата-аналар комитеті өкілдерімен болған кездесуде осы тексерудің қорытындысы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Солтүстік полиция бөлімінің бастығына музыкалық колледж бен интернат аралығындағы жолға күнделікті патруль ұйымдастыру тапсырылды. Және оқу мекемесінің аумағында қоғамдық тәртіпті бұзушы қаңғыбастарды ұстап, оларды арнайы қабылдау-тарату орталығына жайғастыруға кеңес берілді. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына Бейбітшілік пен Бектұров атындағы көшелердің қиылысына бағдаршам орнату, колледж бен интернаттың аралығын жарықтандыру мәселелерін тездетіп шешу міндеттелді.
Соңғы жаңалықтар