Павлодар прокуратурасы мүгедек балалардың құқығын қорғады

деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурасы.
Білім беру басқармасының ақпараты бойынша, аймақта мүмкіндігі шектеулі 5152 бала тұрады, алайда тексеру нәтижелері бұл көрсеткіштің анық екеніне күмән келтіреді. Лебяжинский ауданы Аққу ауылының тұрғыны өмірінде бірінші рет, 11 жасында медициналық тексеруден өтіп отыр. Баланың орталық жүйке жүйелері зақымданған, сөйлеуінде кемістік бар. Білім беру бөлімі мен аудандық аурухана сырқат бала туралы білген, алайда толықтай медициналық бақылаудан өтуі үшін ешқандай шара қолданбаған және оған мүгедектік туралы ешбір құжат рәсімдемеген. «Есептелмей қалған» бала ҚР Конституциясына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы алудан қағылып отырған.
Облыста жас сәбилерді үш жасқа дейін бір де бір медициналық қараудан өткізбеген оқиғалар анықталды. Прокуратура Екібастұздағы №19 арнайы түзету мектебінен көптеген заң бұзушылық оқиғаларын анықтады. Тамақтану блогы 20 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген.
Тексеру нәтижелері бойынша төрт таныстырылу қағазы жазылды, облыс әкімінің атына да қажетті құжаттар жіберілді. Прокуратура мүмкіндігі шектеулі 578 баланың конституциялық құқығын қорғап қалды.