15:14, 16 Наурыз 2014 | GMT +5
Павлодар прокурорлары екі елдің азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерді анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының прокурорлары тексеру барысында Қазақстан аумағында екі елдің азаматтығымен мемлекеттік қызметте жүрген Р есімді азаматты анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

«Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн инспекциясы» мекемесінің балық инспекторы Р-да Ресей елінің азаматтығы да болған. Новсібір облысы прокуратурасының берген мәліметі бойынша, балық инспекторы 2001 жылдардан бері Ресей азаматы болып саналады екен. Ол Ресей азаматтығынан шығатыны жөнінде көрші елдің миграция қызметіне еш хабарласпаған, көп жылдан бері басқа елдің азаматы бола тұра, мемлекеттік қызмет атқарған», - деп жазады сайт.
Қазір ол азаматты «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейні» мекемесі 5 қаңтардағы бұйрығымен қызметінен босатты. Ал, Железин аудандық соты оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салып отыр.