17:09, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Павлодар-Семей тас жолында «Фольксваген Гольф» жүк көлігімен соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лебяжі ауданы Жаңа Ямышев ауылының маңындағы тас жолда жүк және жеңіл көліктері соқтығысып, жеңіл-«Фольксваген Гольфті» руліндеі 25 жастағы азамат ауыр жарақаттанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Апаттар медицинасы орталығы» мекемесі облыстық филиалы бас дәрігерінің орынбасары Анатолий Морозовскийдің айтуынша, жүргізуші мас күйінде болған. - Зардап шеккен азаматты апаттар медицинасы орталығының бригадасы Павлодар қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізлді, - дейді А. Морозовский. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша жол-көлік оқиғасының орын алуына 25 жастағы жүргізуші кінәлі. Жеңіл машинаны тізгіндеген тұрғын көлікті басқара алмай қалған. - Бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Жүгізушінің мас күйінде болуын немесе болмауын сараптама анықтайды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.