08:09, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар соты «Заңсыз келуші-2012» операциясының барысында 77 шетелдік азаматтың ісін қарады
ПАВЛОДАР. 12 қазан. ҚазАқпарат - Полицияның 1-7 қазан аралығында «Заңсыз келуші-2012» операциясын өткізу барысында Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына 77 іс келіп түсті,

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Шетелдік азаматтар Қазақстанда болу ережелерін бұзды - елден заңсыз шығу, белгіленген мерзімдерде елден шығудан жалтару, көші-қон карточкаларында көрсетілген елге келу мақсаттарының сәйкес келмеуі.
Сот 51 адамды әкімшілік қамауға алумен жазалады, алтауына айыппұл салынды, 16 «қонаққа» елден шығу талап етілді, үш іс полицияға қайтарылды, біреуі тоқтатылды.