Павлодар стансысының теміржол бойында күдікті пакет табылды - ҚР ТЖМ

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында теміржолдардың бойында күдікті зат табылды.
None
None

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, дүйсенбі күні таңертең, кезекші диспетчерден Павлодар стансысы, сұрыптау паркінің 22-інші жолында күдікті пакеттің табылғандығы туралы хабар алынды.

Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 2 техникасы, «ҚР ТЖМ Павлодар қаласының Шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Арнайы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылмады.

Соңғы жаңалықтар