Павлодар: Трамвайдың оқушыларды қағып кетуіне қатысты іс сотқа жолданды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық сотына апалы-сіңлілі оқушы қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты іс келіп түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Іс материалдары сотқа келіп түсті. Дегенмен, сот аталмыш істің материалдарымен бес жұмыс күні ішінде танысып, бірінші отырыстың қашан өтетінін белгілейді», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.  

Әзірге іс өндіріске түспеді. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, полиция 30 жастағы әйел жүргізушіге қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Ол ҚР ҚК 345-бабы «Соңы өлімге әкеліп соққан, көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі ережесін бұзуы» бойынша айыпталып жатыр. Егер сот жүргізушіні кінәлі деп таныса, ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні Павлодарда болды. Трамвайды 1987 жылы туған, бес жылдық тәжірибесі бар әйел жүргізген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 10 жасар Махаббат алған жарақаттары салдарынан сол жерде қаза тапты. Оның 8 жасар сіңлісі Марал балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар