Павлодар тұрғынынан аса ірі көлемде ақша мен марихуана табылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар полицейлері жергілікті азаматтан қолма-қол ақша мен ұялы телефон тәркіледі. Сондай-ақ одан кептірілген есірткі заттары анықталды. 

Павлодар тұрғынынан аса ірі көлемде ақша мен марихуана табылды
Фото: Павлодар облысы ПД

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтан жалпы сомасы 10 млн теңге және 19 мың доллардан астам ақша, себуге арналған тұқымдар, ұялы телефон және ноутбук тәркілеген.

— Кенжекөл ауылында өсімдік тектес заттары бар 5 вакуумдық қаптама, вакуумдық буып-түюші және электрондық таразы табылды. Қорытындыға сәйкес, ұсынылған заттар аса ірі мөлшердегі кептірілген марихуана болып шықты, — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Ведомствода есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталған адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды

Соңғы жаңалықтар