Павлодар тұрғыны 12 жастағы ұлын жол талғамайтын көліктің руліне отырғызды

КЕНЖЕКӨЛ. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 12 жастағы ұлын жол талғамайтын көліктің руліне отырғызған ер адам жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.
None
None

Павлодарлық пабликтердің бірінде кәмелеттік жасқа толмаған баланың көлік жүргізіп келе жатқаны көрініп тұрған фотосуреттер жарияланды. Аталған факті бойынша Кенжекөл ауылына көлік патрулі жіберілді.

«Факті расталды - Toyota Land Cruiser Prado» маркалы көлікті оның иесінің 12 жастағы баласы жүргізген. Баланың әкесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 612-бабының 5-бөлімі (көлікті жүргізу құқығы жоқ тұлғаға көлік жүргізгізу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Тәртіп бұзушыға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар