Павлодар тұрғыны апиын дайындаған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Естай көшесінің бойында орналасқан үйдің жанында бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар тұрғыны апиын дайындаған

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«39 жастағы адамды жедел іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол өз пәтерінде ас көкнәрінен экстракциялық апиынды дайындау бойынша притон ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды», - деді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша (ірі көлемде есірткі құралдарын дайындау және сату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.