Павлодар тұрғыны полицейге пара бергені үшін сотталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері тоқтатқан павлодарлық жүргізуші пара беріп құтылмақшы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сәуір айында Павлодар қаласының патрульді полициясының батальон қызметінің инспекторынан павлодарлықтың әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін екі мың теңге көлемінде сыйақы беруге тырысқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жүргізуші қиылыстан өту немесе жолдың жүретін бөлігін өту ережесін бұзған», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Төлеген Алпысбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы ҚК 367-бабы бойынша соталды тергеу жүргізілді. Жүргізуші айыпты деп танылды, параның 11,25 есе көлемінде 22 500 теңге айыппұл салынды.
«Жылдың басынан бастап Павлодар облысының өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері төрт полицейге заңсыз ақша беру фактісін анықтады», - деді Төлеген Алпысбаев.