Павлодар тұрғыны сатып алған шұжықтың ішінен құрт табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жергілікті кәсіпорындардың бірінде дайындалған шұжықтың ішінен құрт табылды.
None
None

Үй маңындағы дүкеннен шұжық сатып алған Татьяна Солоха үйіне келген кезде  ет өнімінің ішінен омыртқасыз жануардың барын анықтаған, деп хабарлайды pavlodarnews. Өнімнің жарамдылық мерзімі биылғы жылдың маусым айының соңына дейін деп көрсетілген.

- Үйге келіп, бутерброд жасамақ едім. Шұжықты енді кесе бастағанда жыбырлап жатқан кішкентай ақ жәндіктерді байқадым. Менің ойымша, бұл шыбын құрты, - деді Т.Солоха.

Айта кетерлігі, бірден шұжық дайындалған кәсіпорынға хабарласқан әйел еш жерге шағымданбауды жөн санады. Өйткені, балалары сүрленген шұжықтың осы түрін сүйсініп жейтін көрінеді. Бұған қоса, қолында бүлінген тауар үшін чек те болмаған. Ал ет комбинаты өздеріне қоңырау шалған тұтынушыға мәселені қадағалаймыз деп жауап берген.

Ет өнімдерімен қатар кәсіпорын нан, сүт тағамдарын да шығарумен айналысады.   

Соңғы жаңалықтар