Павлодар-Түркістан пойызында қыз бала дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM - №46 «Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді. 

нәресте
Фото: Pixabay

Жас ана Зейнеп Әбдікәрімова жүктіліктің соңғы айында анасымен бірге Павлодардан Түркістанға №46 пойызбен жолға шыққан. Жол барысына жолаушының толғағы басталды.

сәби
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

Пойыз жолаушылары баланың дүниеге келу сәтіне куә болып, жаңа туған нәрестенің анасы мен әжесін құттықтап жылы сөзін айтты.

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Вагонда босанған әйелге көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Сарышаған станциясына келгеннен кейін жас ана мен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

Жаңа туған нәрестенің есімін Мереке деп атаған.

пойызда
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде оқиды.

Соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 13 сәби дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар