Павлодар ТЖ бойынша басқармасының басшысына қатысты қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. 14 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қаржы полициясы департаменті Павлодар ТЖ бойынша басқармасының басшысына қатысты ҚР ҚК 311-бабының 2-тармағы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғады,
None
None

деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

ТЖ бойынша басқарма жетекшісі кәсіпкерден 150 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталды. Ол ЖШС-ның қайта жаңартылған әкімшілік ғимаратын пайдалануға беру актісіне қол қоюын осы сомаға бағалаған екен.

Қылмыстық іс сотқа тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар