12:35, 09 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Павлодар заң колледжінің ең үздік офицері атағына әділет полковнигі Қанат Шакуов ие болды
ПАВЛОДАР. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар заң колледжінде офицерлердің байқауы аяқталды, деп хабарлады әділет аға лейтенанты Гүлжан Әбдуғалиева. Бұд байқауға лейтенанттардан бастап полковниктерге дейін 8 адам қатысты.

Сайысқа қатысқан бүкіл офицерлер қызметтік киім формасын қалай дұрыс кию керектігін көрсетті. Сайыстың екінші кезеңінде Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодексін және ҚР-ның Заңдарын білу бойынша қатысушылардың білімдері тексерілді, соңғы үшінші кезеңде байқауға қатысушылардың әскери дайындығы сыналды.
Қазылар алқасы әділет полковнигі Қанат Шакуовты колледждің ең үздік офицері деп тапты. Екінші орынды әділет аға лейтенанты Әсем Жұпаева, үшнші орынды әділет капитаны Серік Зәкен жеңіп алды.
Офицерлер бұл байқауды Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнады.