Павлодар және Қарағанды өңірлерінде жол қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар және Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Балагазиев Ерназ / Kazinform

30 желтоқсан сағат 13:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда шектеу енгізілді.

Павлодар облысы:

— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 254-416 шақырымы аралығында (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

30 желтоқсан сағат 13:20–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды:

Қарағанды облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы — Павлодар облысының шекарасы);

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы).

Павлодар облысы:

— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы).

— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0- 231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Қарағанды облысының шекарасы)

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұдан бұрын Қарағанды мен Теміртау арасындағы жолда 500 автокөлік кептелісте тұрып қалғанын жазған едік.

Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаппай жол апатынан көлікті қорғаудың жолдарын түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар