Павлодар жас сәулетшілерінің табысы

None
None
ПАВЛОДАР. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің студенттері Алматы қаласында өткен Еуразия сәулет-құрылыс мектептерінің ІІ халықаралық фестивалінде өз дипломдық жобаларын жемісті ұсынды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Фестивальға Қазақстан, Корея, Түркия, Ресей, Қырғызстан студенттері қатысты.

Байқау көрмесінде «Графикалық дизайн» аталымы бойынша Александра Ладыгинаның «Жапонияның сәулет өнері» кітабының құрастырылуы мен ресімделуі туралы жобасы бірінші дәрежелі дипломға лайық деп танылды. Александра Түркия елінде төрт айлық сынақ ісінен өту құқығы мен Анталияда бір апталық демалысты иеленді.

«Сәулет өнері» аталымындағы арнайы сертификатқа біртума шешімі үшін Мария Ткачеваның «Ұлттық мәдени орталықтың келісім шіркеуі» атты жобасы ие болды. «Құрылыс өндірісінің технологиясы» аталымында бірінші орынды ИнЕУ түлектері Бақытгүл Жабықова мен Ерлан Сейітқазиновтың «Астана қаласының ат спорты кешені» атты кешендік жұмысы иеленді.

Құрамына қор өкілдері - Ромульдо дель Бианко (Италия), ТҮРКСОЙ (Түркия) және Қазақстан Сәулетшілерінің одағы кірген қазылар алқасы Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетін ең креативті және кәсіби деп таныды.

Соңғы жаңалықтар
telegram