09:04, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар жол полицейлері «Автобус» операциясын бастады
ПАВЛОДАР. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар жол полицейлері «Автобус» операциясына кірісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Он күн бойы 12 автоэкипаж жолаушыларды тасымалдау ережесін сақтауды және қоғамдық автокөліктің техникалық жай-күйін тексереді.Жол полицияларының автобустар мен таксилерде адамдарды тасымалдауға айрықша көңіл бөлуі кездейсоқ емес. Соңғы екі аптаның ішінде Павлодарда жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердің қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы орын алды.Операцияның алғашқы күні шағын автобустың рөліне мас күйінде отырған жүргізуші ұсталды. Салонда жолаушылардың болмауы себеп емес ? жүргізушіні сот күтіп тұр.