07:24, 23 Қаңтар 2026 | GMT +5
Павлодарда 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұған қолайсыз ауа райы себеп, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— Павлодар қаласында 2026 жылғы 23 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ауысымдағы 0–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын синоптиктер 23 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялағанын жазғанбыз.