Павлодарда 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған бапкер ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау орталығына орналастырған.

Подозреваемые в принуждении к проституции: полиция завела дело в связи с распространением заведомо ложной информации
Фото: ҚР ІІМ

Облыс орталығында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған азамат ұсталды. Ол Павлодар қаласында футбол бапкері болып қызмет еткен.

Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады.

«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді департаменттен.

Еске сала кетейік, Павлодарда жасы 80-нен асқан зейнеткер кішкентай қыз балаларға азғындық жасаған 

Соңғы жаңалықтар