18:37, 21 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Павлодарда 16 жастағы жасөспірім кенеттен қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы Диспетчерский аумағындағы аялдамада 16 жастағы жасөспірім кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Галина Сукончиктің айтуынша, жасөспірімге көмек шақырту түскен сәтте дереу жіберілген.
«Айта кетерлігі, шақырту түскенде, балаға алғашқы медициналық көмектің керектігі туралы айтылды. Оқыс оқиға Диспетчерский аумағындағы автобус аялдамасында орын алды. Өкінішке орай, дәрігерлер баланы тексерген сәтте жасөспірім жан тапсырып үлгерген. Бұған қарамастан, мамандар балалар ауруханасына жеткенше, реанимациялық жәрдем шараларын үзіліссіз қолданды», - дейді Г. Сукончик.