14:08, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Павлодарда 2 млн. теңгеге жуық қаражатты қалтасына басқан алаяқ құрықталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері алаяқтық жолымен азаматтардың мүліктерін өзінің атына аударып алған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұл адам өзін облыстық әкімдіктің қызметкері ретінде таныстырып, тендерлік және басқа да мәселелерді шешуде «жанаашырлық білдіріп», сол үшін сыйақы талап еткен. Өзіне қарсы келгендерді ол санитарлық-эпидемиологиялық станса мен басқа да қадағалау органдарымен қорқытып-үркіткен. Осылайша ол 2 миллионға жуық қаржыны иемденген.
Ұсталған адамға қатысты «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған тиісінше айып тағылды, сот оны қамауға алуға шешім шығарды.