Павлодарда 2 жасар сәби кәріз құдығына құлап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда зағип анасына еріп келе жатқан 2 жасар сәби кәріз құдығына құлап кеткен.
None
None

Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланған. Абырой болғанда, бала дін аман. Белгілі болғандай, ол өзі тұратын үйдің маңайында ашық қалған құдыққа түсіп кеткен. Анасы не болғанын бастапқыда түсінбей қалған. Сол маңайдан өтіп бара жатқан такси жүргізушісі көмекке келіп, баланы құтқарып, ауруханаға жеткізген. Қазір сәбидің жағдайы бір қалыпты.

«Менің ішім алай-дүлей болып кетті. Бәрі бітті деп ойладым. Өйткені бала жыламады ма, әлде мен естімей қалдым ба? Есім шыққаны сонша, не айтарымды білмеймін», - дейді зардап шеккен сәбидің анасы Гүлнар Адамжанова. Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі Алмаз Мусинов: «Зардап шеккен жақтың келтірілген шығынды өтеп алуы үшін сотқа жүгінуге толық құқығы бар», - дейді.

Соңғы жаңалықтар