Павлодарда 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің ата-анасы ұлына бейнехабарлама жолдады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 20 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің ата-анасы ұлына бейнехабарлама жолдады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Осылайша Бауыржан Нұрмұхамбетовтың ата-анасы ұлын тосып жүргенін айтып, үйге қайтуын өтінуде. Естеріңізге сала кетсек, жігітті полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеп жүр.

Бауыржанды Павлодар облысының Качир ауданы мен Астана қаласы маңынан іздестіріп келген, бірақ әлі де еш нәтиже жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып келеді. Соңғы рет Бауыржан Нұрмұхамбетовты екінші Павлодардағы Карагандинская көшесі, 1 мекенжайындағы «Даниял» дүкенінде көрген. Жігіт ақ және көк жолақты жеңіл жейде, сұр түсті спорттық шалбар және қоңыр аяқ киімде болған.

Бауыржан жарты жыл бұрын әскери борышын Жамбыл облысында өтеп келді. Сол кезден бастап жұмыссыз отырған.

Соңғы жаңалықтар