09:39, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Павлодарда 240 орындық балабақша ашылды
ПАВЛОДАР. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Балаларды қорғау күні 240 орындық жаңа балабақша кішкентай павлодарлықтар үшін есіктерін айқара ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл облыс орталығында жылдың басынан бері ашылған бесінші балабақша. №6 балабақша бұрын басқа мақсатта пайдаланылып келген типтік ғимаратта орналасқан. Күрделі жөндеу және инженерлік жабдықтарды жаңарту жұмыстарынан кейін ғимарат жаңа нысанға бергісіз болып отыр. Балабақша қазақ тілді. Экономикадағы дағдарысқа қарамастан, Павлодарда әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылуда, дейді қала әкімі Бақытжан Жоламанов. Коммуналдық меншікке қайтарылған балабақша ғимараттары біртіндеп жөндеуден өткізіліп, балаларға қайтарылуда. Жылдың аяғына дейін Павлодарда тағы үш балабақша ашылып, балалардың кезегі тағы 600 адамға қысқармақ.