Павлодарда 30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен қашып жүрген ер адам ұсталды

Павлодарда 30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен қашып жүрген ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жедел уәкілдер жасаған қылмысы үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтады. Оларды экстрадициялау мәселелері шешіліп жатыр.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Павлодарда 1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында әйел адамды зорлаған ер адам ұсталды. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Тюмень қаласында біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіру жариялаған күдікті қолға түсті. Экстрадициялау мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілетін болады», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Тәртіп сақшысы сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздеу бұл кешенді процесс екенін және оның тиімділігі түрлі бөлімшелердің қатысу дәрежесіне байланысты екенін атап өтті.

Жыл басынан бері павлодарлық жедел уәкілдер 32 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

Еске сала кетейік, Павлодарда түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат қалыңдығын айттырып, шаңырақ көтерді. 

Соңғы жаңалықтар