Павлодарда 34 жастағы ер адамды атқан екібастұздық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда адам өлтірмек болды деген күдікпен Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда 34 жастағы ер адамды атқан екібастұздық ұсталды

«Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аумағында 34 жастағы ер адамға оқ ату және жаралау фактісі бойынша жүргізілген тергеу-жедел іздеу шаралары нәтижесінде 34 жастағы азамат ұсталды. Ол ешбір жерде жұмыс істемейді, бұрын сотты болған», - деді баспасөз қызметінде.

Қазіргі таңда күдікті  уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК-нің 3-бөлігі, 24-бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша тергеу жалғасуда.