Павлодарда 40 жаңа аялдама павильоны пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар көшелерінде 40 жаңа аялдама павильоны пайда болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Қалалық сәулет және қала құрылысы кеңесінің отырысында қала әкімі Нұржан Әшімбетов жаңа аялдамаларды тұрғызумен «Регион 14» ЖШС айналысатынын айтты.

Сонымен қатар, аталған фирманың өзі аялдамаларға қызмет көрсететін болады.

Павлодарлық фирма отырыста 250 мың теңге тұратын аялдамалардың үш үлгісін ұсынды.

- Бір нұсқа М.Горький аялдамасында тұр. Қалған екеуінің биіктігі 3,1 метр, ұзындығы 3,5 метр, қалыңдығы 8 миллиметр және шатыры поликарбонаттан салынған. Бұдан басқа, аялдамаларға орындықтар орнатылып, жарықпен қамтылады және сынбайтын мықты шыныдан жасалады. Бұл материал өте жеңіл, қауіпсіз және арзан, - деді фирма өкілі.

Қала әкімі аялдаманың тұрғындар үшін ыңғайлы болуы тиіс екенін айтты. Бұл мақсатта қалалық бюджеттен сегіз миллион теңге бөлінген.

null null  

Соңғы жаңалықтар