Павлодарда 6 бойжеткеннен құралған бопсалаушылар тобы ұсталды

олардың екеуі бұған дейін ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Бұл топ күш көрсету жолымен сауда үйінің маңында колледждің үш студент қызынан ұялы телефондарын және алтын сырғаларын тартып алған. Кетерінде тонаушы қыздар жәбірленушілерден тағы 40 мың теңге әкеліп беруді талап етті. Таңбаланған ақшаны беру кезінде күдікті бойжеткендер ұсталды. Олардан ешқайда кетпеу туралы қолхаттар алынды.
Сондай-ақ Екібастұзда 20 жастағы үш бопсалаушы қылмыстары кезінде ұсталды. Олар қаланың 23 жастағы тұрғынынан 500 мың теңгені талап етті. Бұған дейін ол 100 мың теңге берген және ұялы телефонынан айырылған. Екібастұздық екі азамат қамауға алынды, үшіншіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.