Павлодарда 6 млрд теңгеге мемлекеттік салу алу шарты заңсыз жасалған

 Павлодар облысында 6 млрд теңгеге жасалған мемлекеттік сатып алу туралы 11 келісімшарт сот шешімімен жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Кazinform. 

заңсыз мемлекеттік сатып алу
Фото: www.pexels.com

 

«Павлодар облысында жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен таңдау фактілері анықталды.

Мәселен, «Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.​

Қалалық прокуратураның қадағалау актісінен кейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап-арыз жұмыстарын жүргізді.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды», - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 207-бабы (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар