Павлодарда 71 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 71 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зейнет жасындағы зардап шегуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда 71 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 6 қазан күні орын алған. - Академик Бектұров көшесіндегі «Сенім» сауда үйінің алдында реттелмейтін жаяу жүргінші жолағында 71 жастағы «РАФ 2203» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деді департаменттің баспасөз қызметінде. – 1948 жылы туған зейнеткер әйел алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Оқиғаға қатысты сот медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Департаменттің хабарлауынша, аталған факт бойынша ҚРҚК 3-бабы, 345 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.