Павлодарда 9 қабатты тұрғын үйдегі өрттен бір адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусым күні күндізгі сағат 12-лер шамасында Павлодар қаласының Торайғыров көшесінің бойында оранласқан 9 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан өрт шыққан.
None
None

Оқиға орнынан 14 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 1 сәби өрттен құтқарылды.

Аумағы 8 шаршы метр жерді шарпыған тілсіз жау Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкерімен өшірілді. Денесін күйік шалған әрі иіс тиіп уланған 1974 жылы туған О.Юдин дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар