Павлодарда 96 жастағы суретшінің вернисажы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеге шебердің әр жылдары дүниеге келген 50 шақты туындысы қойылып отыр. Өнертанушылардың айтуынша, шебердің жұмыстарында натуралық мазмұн орындаудың бастапқы және түйіндеуші нүктесі болып табылады.
Иван Васильевич Самара губерниясында дүниеге келген. Оның өміріне тәлімгері, орыс суретшісі Виктор Батурин үлкен әсер еткен. Лагутин Фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысқан.
1946 жылы облыстық өлкетану мұражайының ұйымдастырушысы, павлоларлық тұңғыш фотосуретші Дмитрий Багаевпен болған кездесу оның тағдырында шешуші роль атқарады. Иван Васильевич Д.Багаевпен бірге жұмыс істей бастайды. Ал 1958 жылы мұражайды басқарады.
1964 жылы ашылған Павлодар көркемсурет мұражайына негіз болған оның көркемсурет бөлімі - Т.Лагутиннің ұзақ жылдар бойғы еңбегінің жемісі.
96 жастағы суретшінің танымы кең, ал оның жады - нағыз естеліктер қазынасы. Иван Лагутин павлодарлық мұражайшылардың барлық буыны үшін танымал тұлға, беделді адам.