Павлодарда «Ақ тілекпен, Астана!» мерекесі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаланың орталық алаңында «Ақ тілекпен, Астана!» мерекесі өтеді. Бұл жерде қала тұрғындарының назарына «Астана - әлемдегі әсем қала!» думаны ұсынылады, көрермендер конкурстарға, викториналар мен халық ойындарына қатыса алады.
Ал Ертіс жағалауында стритболдан, жағажай мини-футболы мен қазақша күрестен жарыстар өтеді. Ал қаланың кішкентай тұрғындары асфальтқа сурет салудан жарысады.
Достық үйінде «Бәйтеректің биігінен көз салса» фотокөрмесі ашылса, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестігі «Елімнің жүрегі - Астана» мерекелік қойылымын ұсынады.
Павлодардың орталық алаңында сондай-ақ, фестиваль лауреаттарының, үздік вокалды топтар мен орындаушылардың қатысуымен «Әнім сенсің -Астана!» қорытынды гала-концерті болады.