Павлодарда ақпараттық-насихаттық топ екі күн бойы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Жұмыс барысында ақпараттық-насихат тобы мемлекеттік мекемелер мен облыс кәсіпорындарында елу кездесу өткізді. Республикалық топқа экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және жаңа технологиялар, білім және ғылым, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері енді.
15 наурызда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында ақпараттық-насихат тобының мүшесі - ҚР білім жне ғылым министрлігінің техникалық және кәсіби білім департаментінің директоры Қадырбек Бөрібеков кездесу өткізді.
Отырысты институт ректоры Нұрғали Аршабеков жүргізді. Жиналысқа институт қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Баяндамадан кейін қонаққа сұрақтар беріліп, оларға тұшымды жауап қайтарылды. Кездесу барысында елімізде жоғары және кәсіби-техникалық білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.