Павлодарда ақын-жазушылардың форумы өтті

ПАВЛОДАР. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жұма күні Павлодарда облыс ақын-жазушыларының бірінші форумы өтті.
None
None

Әдеби бірлестіктің, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының және мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен өткен бұл шараға «Нұр Отанның» облыстық филиалы қолдау көрсетті.

Қоғамға тигізетін рухани-адамгершілік әсерді күшейту үшін біз бірігуіміз керек, деді проза мен поэзия шеберлері өз сөздерінде.

«Мәдени тәрбие, адамдарды кітап оқуға баулу, айтулы жазушылармен қатар, жас дарындардың да туындыларын басып шығару мәселелері туралы ұзақ және мазмұнды әңгіме болды»,- деді форумға қатысқан жазушы Сергей Горбунов.

«Жас ақын-жазушылардың кітаптарын басып шығаруға алғашқы қадамдар жасалып та қойды. Жақында жас авторлардың жинағы жарыққа шығады», - деді әдебиет және өнер мұражайының директоры Роза Игібаева ханым.

Соңғы жаңалықтар