Павлодарда алдағы он жылда электр қуаты өндірісі 60%-ға өседі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңір қазіргі уақытта еліміздегі электр энергиясының 40%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр. Электр стансаларының жалпы қуаты – 8000 МВт.

В регионах Казахстана ведут работу по замене 17 тысяч км электролиний
Фото: Энергетика министрлігі

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Энергетика министрлігімен Ертіс-Баян өңіріндегі электр қуатының өндірісін 2035 жылға дейінгі дамыту жоспары әзірленген.

- Жоспарға сәйкес, Екібастұзда №3 ГРЭС құрылысын салу, №2 ГРЭС-те №3 және №4 энергия блоктарын (әрқайсысы 550 МВт) тұрғызу, Павлодардағы №2 ЖЭО-да қуаты 120 МВт болатын үш бірдей турбинаны, Ақсу ГРЭС-індегі №7 энергия блогын жаңарту өңірдегі электр энергиясы өндірісін алдағы жылдары 60 %-ға ұлғайтады, - деп мәлімдеді әкімдіктен.

Облыс таза энергетикаға да зейін қойып отыр. Екібастұз қаласына жақын жерде алдағы жылдары желден қуат алатын электр стансалары тұрғызылуы керек. Қытайлық компания 500 МВт-тық стансаның алғашқы кезеңін келесі жылы аяқтайды деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, елімізде электр және жылу желілерін диагностикалауға арналған ЖИ енгізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар