08:20, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарда әлем чемпионы Анна Сорокинаны еске алуға арналған шаңғы жарысы өтеді
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда осымен он алтыншы рет ардагерлер арасында әлем чемпионы Анна Сорокинаны еске алуға арналған халықаралық шаңғы жарысы болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарыс ақпан айының бас кезінде «Зеленая роща» қысқы базасының шаңғы жолында өтеді. Анна Сорокина шаңғы спортына 40 жылдан астам қатысқан, көзі тірі кезінде шаңғы спортының аңызы болған тұлға. 54 жасында ол «Правда» газетінің жүлдесі үшін Бүкілодақтың кросстың чемпионы болса, 70 жасында Италияда ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында «алтын» алған болатын. Жыл сайын Павлодарда өтетін атақты спортшыны еске алу жарыстарына Қазақстан мен Ресейдің күшті деген шаңғышылары, ардагерлер мен келешегінен үміт күттірген жас спортшылар қатысады. Ұйымдастырушылар шаңғы жолына спортшыларды ғана емес, әуесқойларды да шақырып отыр. Шаңғышылар жастарына қарай, 2,2 шақырымнан 15 шақырымға дейінгі қашықтықтарға жарысатын болады.