Павлодарда қыста қандай аңдарды аулауға рұқсат бар

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы биылғы 1 қарашадан 2025 жылдың 15 ақпанына дейін түлкі, қарсақ және қояндарды аулау маусымы ашылғандығын хабарлады.

Охота зима Аңшылық қыс
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Павлодарда түлкі, қарсақ және қоянды аулауға аңшылық маусым ашылды. Сондай-ақ 31 желтоқсанға дейін жабайы тұяқты жануарларды - қабандар мен еліктерді аулау жалғасады. Тұяқты жануарларды аулау тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісі қорықшысының қатысуымен жүргізіледі.

«Аң аулау кезінде әрбір аңшының өзімен бірге рұқсат беру құжаттары болуы тиіс: аңшы куәлігі, аң аулауға жолдама немесе аңшылық шаруашылығы ұйымының жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, атыс қаруын алып жүруге және сақтауға рұқсат, аң аулайтын жыртқыш құстардың паспорты. Аңшылыққа берілген жолдама немесе жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жануарлардың басқа түрлеріне, атап айтқанда, қасқырларды, шибөрiлерді, қарғаларды, сауысқандарды, үлкен суқұзғындарды, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулауға (ату) жеке рұқсатты талап етпейді»,-деп мәлімдеді Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан.

2024-2025 жылдар маусымында Павлодар облысындағы жабайы жануарларды аулауға арналған квота - 49,9 мың дарақ. Оның ішінде 187 тұяқты жануар, 7 980 терісі бағалы аң, 41 825 құс.

Аумақта Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Қызылтау» мемлекеттік қаумалында, «Ертіс орманы» орман резерваты мен «Ертіс өзенінің жайылмасы» қаумалында аң аулауға тыйым салынған.

Бұған дейін Павлодар облысында күзгі аңшылық маусымы ашылғаны туралы хабарлағанбыз 

Соңғы жаңалықтар