Павлодарда апаттық жағдай туғызған 500-ден астам жүргізуші жазаланды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңірдегі жолдарда апаттық жағдай туғызатын көлік жүргізушілері тыйылмай тұр. Тек бір тәуліктің ішінде полицейлер жол қауіпсіздігі бойынша 273 заң бұзушылықты анықтаған.

Павлодарда апаттық жағдай туғызған 500-ден астам жүргізуші жазаланды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында апаттық жағдай туғызған 500-ден астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

— Мысалы, Ақсу қаласының полициясына қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, Набережная-Әуезов көшелерінің қиылысында Haval маркалы автокөлікті тізгіндеген әйел адам апаттық жағдай туғызғанын хабарлады. Бұл заң бұзушылық өзге жүргізушілерге кедергі келтірген. Жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Сондай — ақ жүргізушімен мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызетінен. 

Қазір аумақта «Құқықтық тәртіп» жедел профлилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер бір тәулікте 827 заң бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 14 адам көлік руліне мас күйінде отырса, 135 адам жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзған.

Еске сала кетейік, Павлодарда белдік тақпаған 7 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар