Павлодарда артемия шаянын өңдейтін жасырын цех анықталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысының прокуратурасы «Artemia salina» шаянын өңдейтін астыртын цехты анықтады. Жалпы көлемі 25 тоннадан асатын өнім тәркіленді.

полиция
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ақсу қаласының далалық аймағында адамдар тобы рұқсат құжаттарысыз өндірілген артемияны тазалаумен айналысқаны анықталды.

- Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Мөлшері 25 тоннадан асатын 500 қап өнім тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасынан. 

Ал жуықта өңір полицейлері 16 қап артемия шаяны тиелген автокөлікті тоқтатқан. Балық ресурсын заңсыз өндіру дерегі бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске сала кетейік, Павлодарда жұқа мұзда балық аулаған 42 адам айыппұл арқалады.

Соңғы жаңалықтар