Павлодарда аулалардағы газгольдерлерді газсыздандыру жұмыстары басталды

ПАВЛОДАР. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар қаласындағы аулалардағы газгольдерлерді газсыздандыру және консервациялау жұмыстары басталып, осы мақсатқа қала бюджетінен 46 млн. теңге бөлінді.
None
None

Қазанның 1-іне дейін тендерді жеңіп алған екі фирма облыс орталығындағы 160 газ сақтау орындарын тазалайды. Барлық қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, ол жерасты цистерналарындағы қалдықтар, балшық пен қабыршақтарды жояды.

«Біздің қызметкерлер, - деп атап өтті Павлодар ТКШ коммуналдық секторының меңгерушісі Нұрлан Рашитов, - ТЖ қызметшілерімен бірлесе жұмыстарға қадағалау жасап отырады. Тазартулар аяқталғаннан кейін, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станса өкілдері аулалардағы ауаны сынақтан өткізеді».

Газсыздандырудан кейін аталмыш барлық құрылғылар консервіленеді - оларды жою үшін 200 млн. теңгеден астам қаржы керек.

Соңғы жаңалықтар