08:36, 11 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодарда ауыл шаруашылығы өнімдерін төмен бағамен сататын әлеуметтік дүкендер салынып жатыр
ВЛОДАР. 11 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын он әлеуметтік дүкен салынады,
деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Олардың алғашқысы биыл іске қосылады.
«Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, қала азаматтарына ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сату үшін қала әкімдігі әлеуметтік дүкендерге арналған бес орынды белгілеп қойды», - дейді кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Серік Базарбаев.
Жаңа дүкендердің барлығы жекеменшік-мемлекеттік әріптестік қағидасы бойынша қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларынан салынады. Әкімдік шаруа қожалықтарына дүкен салатын орын бөліп береді, ал фермелер өз өнімдерінің бағасына 10 пайыздан аспайтын үстеме қосып, арзан бағамен сатады.